28
февраль
2025
“Абайды бірге оқимыз” жобасы
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Әдістемелік орталықтың жылдық жоспарына орай, “Абайды бірге оқимыз” жобасының негізінде 24.02.2025 жылы 2-9 сынып оқушылары арасында “Абай оқулары” мәнерлеп оқу сайысының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.
Оқушылар ұлы Абай атамыздың өлеңдерін,қарасөздерін жатқа мәнерлеп айтып берді.
Мектепішілік кезеңнің қазылар алқасының қорытынды шешімі бойынша:
Бастауыш сынып оқушылары арасынан іріктеліп,
1-орынды: 2 Ә-сынып оқушысы-Көпжасар Ескендір,
2-орынды: 4- сынып оқушылары- Сұлтанбекова Назым,Сапарәлі Ұлзада
3- орынды: 3 ә -сынып оқушылары-Есентай Айару,Төребек Ақтөре иемденді.
Шымкент_ қаласы_Білім_басқармасы
Әдістемелік_орталық
Абайды _бірге_оқимыз
Абайдың_180 жылдығы
Біртұтас_тәрбие