13
март
2025
НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ: ҰЛЫ ДӘСТҮРДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ
Наурыз – қыстан аман шыққан елдің қуанышы, табиғат пен тіршіліктің қайта түлеуі. Бұл мейрам – тек көктемнің келуі емес, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрдің жаңғыруы, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Осы ұлы мерекенің мәнін тереңнен ұғынып, оның шынайы болмысын сезіну үшін Наурызнама онкүндігі жарияланды.
Әр күні – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, елдің бірлігін нығайтатын ерекше сәт. Көнеден жеткен игі дәстүрлерімізді жаңғыртып, Ұлыстың ұлы күнін бірге тойлайық!