КІТАППЕН ӨТКЕН КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » КІТАППЕН ӨТКЕН КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ
28
март
2025

КІТАППЕН ӨТКЕН КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ

Көктемгі демалыс – оқушылар үшін тынығып, жаңа әсер алуға таптырмас уақыт. Бірі саяхаттаса, енді бірі уақытын пайдалы өткізуді жөн көреді. Ал кітап оқу – демалысты мазмұнды өткізудің ең тиімді жолдарының бірі.
N67 негізгі орта білім беретін мектеп оқушылары көктемгі демалыста кітап оқуға ерекше көңіл бөлді. Мектеп кітапханасында әр жастағы оқырмандарға арналған түрлі жанрдағы шығармалар ұсынылып, оқушылар қызыға оқыды. Бастауыш сынып оқушылары ертегілер мен танымдық әңгімелерге ден қойса, жоғары сынып оқушылары көркем әдебиет пен ғылыми еңбектерге қызығушылық танытты.
Кітап – білім бұлағы, ой мен қиялды дамытатын құнды қазына. Ол сөздік қорды байытып, дүниетанымды кеңейтеді. Оқырман әр туынды арқылы жаңа әлемге еніп, кейіпкерлермен бірге қуанып, олардың қиындықтарын бірге еңсереді.
Көктемгі демалысты тек гаджеттермен емес, кітап оқумен де тиімді өткізген оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз! 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив