2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні
03
апрель
2025

2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні

 Шымкент  қаласы Білім  басқармасына  қарасты №67 негізгі орта  білім  беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Ертегі әлемі шақырады» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.            
 Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай  2 Сәуір – балалар кітабы күні болып жарияланған. Ганс Христиан Андерсен - бүкіл әлемге танымал дат жазушысы және ертегіші, оның шығармалары балалар мен ересектерді өздерінің сиқырлы әлеміне алып кеткен. Андерсен балалар кітабын жазуға баға жетпес үлес қосқан, ол әлемге өзінің туындыларын көптеген әдемі ертегілерін сыйлады. Оның ертегілері мейірімділік, адалдық, батылдық және шынайы махаббат туралы әңгімелерден тұрады. Әрбір ертегіде терең мағына мен мораль бар, бұл оқырмандарды ойлануға және рухани байлыққа ие болуға итермелейді.
 Ертегілер әлеміне саяхат жасағыңыз келсе, Ганс Христиан Андерсеннің шығармалары сізді күтеді. Олар сіздің жүрегіңізді жылытып, қиялыңызды оятып, өмірдің сұлулығын көруге көмектеседі. Ганс Христиан Андерсен – мәңгілік ертегілердің шебері, оның мұрасы мәңгілікке сақталады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив