03
апрель
2025
АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру қызметі ұйымдастырылып, жұмыс жүйелі жүргізілуде.
2025 жылғы 3 сәуір күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 5 сынып жетекшісі Ижанова Айнур ата-аналардың жасөспірімнің өзін-өзі тәрбиелеу және дамыту үдерістерін қолдауға дайындығын қалыптастыру мақсатында «Жасөспірімдегі ұйқы: Оқуға және мінез-құлыққа әсері» тақырыбымен сабақ өткізді.
Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мектебіміз бен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету, позитивті ата-ана мәдениетін дамыту арқылы қазақстандық балалардың әл-ауқатын дамыту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарға немесе заңды өкілдерге педагогикалық қолдау көрсете отырып балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы жүйелі жүргізілуде.
Ата-аналарды қолдау орталығының жұмысын жүргізу барысында ұлттық құндылықтар негізінде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беруді жүйелі ұйымдастыру, Қазақстанның бақытты және табысты азаматтарын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құзыреттерін дамыту, позитивті ата-ана мәдениетін дамытуда әлеуметтік серіктестердің күштерін біріктіру басымдықтары бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жүйелене бермек. https://www.facebook.com/share/v/1EExSUmQ7T/