22
апрель
2025
"Мектеп және театр” жобасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде
"Мектеп және театр” жобасы аясында 21.04.2025ж.күні 3 "А" ,”Ә”сыныптың жас өнерпаздары “Үйшік " ертегісін сахналады.
Сынып жетекшілері Н. Бесбаева А.Жиенбаева
Мектеп және театр жобасын ұйымдастырудың басты мақсаты - бұл балалардың өздерін ертегі кейіпкерлері ретінде сезіну, түрлі рольдерді бағындыра білудің ғажайып әлемі екенін ұғындыру.
Балалар өз рөлдерін тамаша сомдап, көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Сондай ақ мың бұралған биші аруларымыз бен әнші балапандарымыз қойылым соңында өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне бөленді.