«Табиғатты аялайық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Табиғатты аялайық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді
16
апрель
2025

«Табиғатты аялайық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді

14 сәуір күні бастауыш сынып оқушыларына  «Табиғатты аялайық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.  
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген қамқорлық пен жауапкершіліктерін қалыптастыру, табиғаттың маңыздылығы жайлы ой қозғау.
Оқушылар ауа, су, өсімдіктер, құстар және жануарлардың адам өміріндегі маңыздылығы туралы ой бөлісті. Экологиялық проблемалардың себептері мен салдары туралы ситуациялық кейстер шешілді. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, қағаз өндірісі, жылу, су және полиэтилен қоқыстарының бейберекет тасталуы сияқты экологиялық проблемалардың шешімдері талқыланды.
Сынып сағаттарының соңында оқушылар өздерінің күнделікті өмірдегі экологиялық мәдениеттерін өзгертуге шешім қабылдады. Дәлірек айтқанда, табиғи ресурстарды үнемді тұтыну, қоқыстың алдын алу және оны қайта өңдеу мүмкіндіктерін қарастыру, экологиялық таза шешімдерге бет бұру туралы ұсыныстарын білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив