Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің негізі » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің негізі
14
апрель
2025

Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің негізі

“С. Рахымов №4 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де физика пәні мұғалімі Мақсутова Райхан курстан кейінгі сүйемелдеу аясында “Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шебер сыныптың негізгі мақсаты – педагогтердің оқыту әдістерін жетілдіру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және олардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Шеберлік сынып барысында мұғалімдерге нақты өмірлік жағдайларға негізделген тапсырмаларды қолдану, эксперименттік жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастыру, оқушылардың сыни ойлауын дамыту әдістері ұсынылды. Сонымен қатар, заманауи оқыту құралдарын пайдалану арқылы пән мазмұнын терең меңгертудің жолдары қарастырылды.
Бұл іс-шара мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер арқылы оқушылардың күнделікті өмірде білімді қолдану қабілеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді деп ой қорытты. Осындай тәжірибелік жұмыстар білім беру сапасын жақсартуға және оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары: Л. Момбаева

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив