12
апрель
2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді
2025 жылдың 11 сәуір күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Мемлекет басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстармен танысты.
Президент өңірдегі бірқатар өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау және жастар саясатына қатысты маңызды мәселелер де көтерілді.
Бұл сапар – Шымкент қаласының даму қарқынын күшейтіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың жалғасы. https://www.facebook.com/share/v/1Abb6S7vs9/