12
апрель
2025
Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
Заманауи қосымша білім беру орталығында мультимедиа сыныптары, зертханалар, шығармашылық студиялары, коворкинг аумақтары қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балалар да емін-еркін білім алады. Нысан Президенттің 2022 жылы қалаға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.
Бүгінде Оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала алты бағыт бойынша 65 үйірмеге қатысады. Білім беру бағдарламасы жан-жақты дамыған, жаңаша ойлайтын әрі шығармашылық қабілеті зор тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы орталықпен танысып шыққан соң оқушылармен әңгімелесті. https://www.facebook.com/share/v/1AEfkcNZJF/