06
май
2025
7 МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ және 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІНЕ іс-шара
Құрметті халайық, баршаңызды келіп
жеткен көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып өткен
7 мамыр–Қазақстан Қарулы күштер мерекесімен және 9-мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 5 мамыр күні мектеп директоры Мырзабаева Ханзура Бекжанқызының басшылығымен және тәрбие жоспарына сәйкес, 8,7 “а”,”ә”сыныптардың ұйымдастыруымен
7 МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ және 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІНЕ арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. https://www.facebook.com/share/v/1DQBtUmvQY/
