12
май
2025
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Шымкент қаласы білім басқармасының 06.05.2025 жылғы №265 н/қ бұйрығы негізінде №67 негізгі орта мектеп 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестаттауды және басқа да мектепішілік іс-шараларды өткізуге байланысты төмендегілерге ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ:
4 және 9-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне ақша жинауға;
Аниматорларды, әртістерді шақыруға;
Мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына ақша жинауға;
Мейрамханаларға баруға, ойын-сауық орталықтары мен саябақтарға баруға және автокөлік шеруін ұйымдастыруға;
Сыныпта дастархан жаюға және ата-аналардан қосымша ақша жинауға.
ҚАТАҢ САҚТАЛУ ҚАЖЕТ:
Оқушыларды қауіпсіздік шараларымен мұқият таныстыру;
“2024-2025 оқу жылының аяқталуы” салтанатты іс-шарасына тек бір ғана заңды өкілін қатыстыру;
Педагогикалық әдеп, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын сақтау;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, олар үшін тәрбиелік мәні мен маңызы зор, есте қаларлық мектеп өмірін сыйлау - біздің басты мақсатымыз! Сондықтан осы талаптарды сіздермен бірге бірлесе отырып орындайық, өзара сенімді орта қалыптастырайық!
Сұрақтарыңыз болса, 87016102103 нөмірі арқылы қоя аласыздар.
№67 негізгі орта мектеп директоры Мырзабаева Ханзура Бекжановна.