09
октябрь
2025
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№67 негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 09 қазан күні
5,6,7,8,9-сыныптың қыз балаларының қатысуымен тәрбиелік мақсаттағы қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
М.Мырзабаева, педагог-психолог Р. Сагиндикова және қыздар ұйымының жетекшісі Г. Айнабек қыз балалардың жас ерекшеліктеріне сай өзекті тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Сұхбат аясында жеке бас гигиенасы, психологиялық сауаттылық, өзін-өзі құрметтеу, қауіпсіздік мәдениеті. достық қарым-қатынас, жауапкершілік, мектеп формасына қойылатын талаптар, сынды маңызды бағыттар қамтылды. Мақсаты — қыз балалардың тұлғалық дамуына ықпал ету, саналы, мәдениетті, сыпайы қыз баласының бейнесін қалыптастыру.
Жиналыс ашық пікір, сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап алып, пайдалы кеңестермен бөлісті.
