Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастырушы тұлға » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастырушы тұлға
03
октябрь
2025

Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастырушы тұлға

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі  орта білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне арналған 9"А" сынып пен 6"А" сынып оқушылары мерекелік іс-шара өтті.
 Бүгінгі шарада оқушыларымыз ұстаздарына деген шексіз алғыстарын өнер арқылы жеткізіп, әсем ән шырқап, жүрекке жылу сыйлайтын жырларын арнады. Әрбір қойылымнан шәкірттің ұстазына деген құрметі мен сүйіспеншілігі айқын көрінді.
 Мектебіміздің ұстаздары кәсіби мерекелерімен құттықталып, еңбектері еленіп, марапаттарға ие болды. Бұл марапат – сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлестеріңіздің дәлелі.
Ұстаз – адам жанын нұрландыратын, шәкіртке тек білім беріп қана қоймай, өмірге жол сілтеп, адами құндылықтарды бойына сіңіретін тұлға.
Бүгінгі қоғамдағы жетістіктің, болашақтағы биік белестердің негізінде ұстаз еңбегі жатқанын бәріміз жақсы білеміз.
Сондықтан Ұстаздар күні – баршаңызға арналған ерекше құрмет пен шынайы алғыс күні. Бұл – жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашаққа бағыттап жүрген әр ұстаздың мерейлі мерекесі.
 Құрметті ұстаздар!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас жігер, еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға шаттық пен береке тілейміз.
Шәкірттеріңіздің жетістігі – сіздердің адал еңбектеріңіздің ең асыл жемісі.
 Мерекелеріңіз құтты болсын! 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив