03
октябрь
2025
Ата - аналар жиналысы өтті
№67 негізгі орта білім беретін мектебінде 2025 оқу жылының 02. қазан күні Шымкент қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің № 17-23-03-21/1197 от 30.09.2025 жылғы хатының негізінде ата - аналар жиналысы өтті. Мектептерде білім алушылардың
білім жетістіктеріне жүргізілетін мониторингке (ББЖМ) дайындық жұмыстары қосымша кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын ескертіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар жиналысында жаңа оқу жылының негізгі бағыттары айқындалып, білім сапасын арттыруға және тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған маңызды шешімдер қабылданып, ата - аналардың пікірлері тыңдалды.