20
октябрь
2025
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ
Шымкет қаласы Білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру , білім алушылардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашу және дамыту қажеттігін арттыру мақсатында 2025 жылдың 17қазанында «Мектеп парламенті Өзін-өзі басқару» ұйымының президентік сайлауы өткізілді.
Мектеп президенті болып 9”А”сынып оқушысы Байзақ Ақтолқын сайланды. “Жас Ұлан”ұйымының Ұланбасшысы 9”А” Жаппар Бақдаулет , “ Адал Ұрпақ” ерікті мектеп клубының президенті 9”А” Жанатхан Ажар сайланды
Мектеп оқушылары өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сайлау алды парақшалары таратылды, өзін – өзі басқару ұйымынының оқушылары белсене ат салысты!!!Құттықтаймыз!!!