18
ноябрь
2023
ҚЫЗДАР КЕҢЕСІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
№67 негізгі орта мектебінде 2023 жылдың 16 қараша күні ДТЖО А.Джантурлиеваның ұйымдастыруымен мектептегі қыздар ұйымының жиналысы өткізілді. Бүгінгі қозғалған тақырып:"Қызға қырық үйден тыю".
Кыздар ұйымының жетекшісі, педагог-психологтары мектеп ережесі, мектеп формасы, қызбала тәрбиесі тақырыбында баяндама жасап, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы, өзін-өзі реттеуі, қыздардың жүріс-тұрысы, денсаулығы туралы түсіндіріп өтті.
Қазіргі таңда өршіп тұрған түрлі вирустардан сақтану жолдарын туралы айтып, оқушыларды жылы киініп, дұрыс тамақтанып жүруге шақырды.
