08
апрель
2024
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!!! ҚЫМБАТТЫ АТА-АНАЛАР!!!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде су тасқынынан орын алған ауыр жағдайға байланысты үндеуін жариялады.
Еліміздің 10 өңіріндегі орын алып отырған төтенше жағдай – бәріміз үшін сын сағат. 

Қазір Үкімет, мемлекет су басудың салдарын жоюға бар күшін салуда. Президент зардап шеккен бірде-бір азаматтың назардан тыс қалмайтынын қадап айтты.
Осы сын сәтте ұздардарымыз ел бірлігінің ұйытқысы болғаны абзал. 




Әр қазақстандық азамат ел басына түскен сын сағатта өз үлесін қолынан келгенше қосқанымыз абзал. Оның ішінде үй-жайынан, мал-мүлкінен шығынға ұшырап, қиналып отырған отандастарымызға ұстаздар қауымының бірлік пен ынтымақты ту етер, сабырлыққа шақыратын, «Біз сіздермен біргеміз!» деген қолдауын, үнін білдіру арқылы моральдық тұрғыдан сүйеу болуға шақырамыз.


