“АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!” “ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ”
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында “Абайлаңыз,балалар!” тақырыбында жолда жүру ережелері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің, бағдаршамның атқаратын қызметін үйрету және жол ережесін есте сақтау қабілетін арттыра отырып, жол ережесіне қойылған талаптарды орындауға тәрбиелеу.