Ақпарат » Страница 95 » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ»
28
ноябрь
2022
«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында № 67 негізгі  орта мектептің 3   сынып оқушылары.«Піл мен маймыл» ,"Ганс Христиан Андерсен" ертегісін оқып өз ойларымен бөлісті. Оқушылар мұқият тыңдап, ертегі әлеміне енді.   Хайуанаттар туралы бұл ертегіде жануарлардың іс-әрекеті, жағымсыз қылықтары, сондай-ақ адалдығы мен ақылдылығы арқылы адамдардың мінез-құлқы сыналады. #Оқуға_құштар_мектеп
“Темір жол қауіпті аймақ” акциясы аясында
25
ноябрь
2022
“Темір жол қауіпті аймақ” акциясы аясында
Шымкент қаласы ст ЖПБ-нің ППВ командирі полиция капитаны Абдраманов Бекмахамбет Мансурович және полиция сержанты Сапар Қанат Абилханұлымен “Темір жол қауіпті аймақ” акциясы аясында темір жол обьектісінде құқық бұзушылықтардың алдын алу,балаларды қараусыз қалдырмауды ескерту,сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"Қыс – 2022"  республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу
24
ноябрь
2022
"Қыс – 2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу
ымкент қаласының білім басқармасы "Азаматтық қорғау туралы"  ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 46-бабына және ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 2 шілдедегі N494 бұйрығы, Шымкент қаласы  әкімінің 2022 жылғы 15 қарашадағы "Азаматтық  қорғау саласында кешенді оқу-жаттығу  өткізу туралы"  өкіміне сәйкес,  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N67 негізгі орта білім беретін мектебінде "Қыс – 2022"  республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде қала аумағында 2022 жылдың 24 қараша
Жылы жүрек-жомарт қол" атты қайырымдылық акциясы
23
ноябрь
2022
Жылы жүрек-жомарт қол" атты қайырымдылық акциясы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектептің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік балалар күніне орай "Бала құқығы-адам құқығы" атты республикалық онкүндік аясында жас жеткіншектерді ұлттық рухта тəрбиелей отырып, бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиетті дарыту мақсатында "Жылы жүрек-жомарт қол" атты қайырымдылық акциясы өтті.   Акция барысында әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан 18 балаға  қыстық аяқ киімдер сыйға тартылды.  
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
22
ноябрь
2022
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
2022 жыл  10 қараша күні қамқоршылық кеңес мүшелері мен мектеп әкімшілігінің отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде:  І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы, оқушыларға беріліп жатқан тегін тамақтың сапасы мен І тоқсан бойынша жүргізілген шаруашылық жұмыстар туралы таныстырылым жасалды.   Кеңес төрайымы зейнеткер ұстаз  Қуанышова Назира  атқарылған жұмыстар жөнінде оң пікірін білдіріп,  атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі. #Қамқоршылық_кеңес #Шымкент_тәрбие
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
18
ноябрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
№67 негізгі орта білім беретін мектеп  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу 4 " А", 4"Ә"сынып оқушылары #Оқуға_құштар_мектеп
“Бала құқығы - адам құқығы” республикалық онкүндік іс - шара
17
ноябрь
2022
“Бала құқығы - адам құқығы” республикалық онкүндік іс - шара
“ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР" 20 қараша - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Бала құқығы - адам құқығы” республикалық онкүндік іс - шара жоспарына сәйкес 5-6-7 сынып оқушылары арасында "Әр баланың құқығы бар" тақырыпта сурет байқауы,сынып сағаттары өткізілді.   Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.   Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау,
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
16
ноябрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
№67 негізгі орта білім беретін мектеп  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған 7-ші сыныптар арасында Жамбыл Жабаевтың өмірінен 10 дерек .   #Оқуға_құштар_мектеп #Шымкент_тәрбие
6-9 сынып оқушыларымен ұлдар жиналысы өткізілді
15
ноябрь
2022
6-9 сынып оқушыларымен ұлдар жиналысы өткізілді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде 14.11.2022ж. күні 6-9 сынып оқушыларымен ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Бекеулов  ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, отбасыдағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтты.  #шымкенттәрбиеәдістемелікорталық #ұлдаржиналысы #ұлтәрбиесіұлтмәселесі #Шымкент_тәрбие
"Төл теңге тарихы"
15
ноябрь
2022
"Төл теңге тарихы"
Шымкент қаласы №67 негізі орта мектебінде 15 қараша "Төл теңге тарихы" атты 6 сынып жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Жайнибаева Кенжекуль тәрбие сағатын өтті.Тәрбие сағатында  Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы  теңгеміздің айналымға қалай енгені, кімдер жасағаны жайлы мәліметтер берілді