«Күзгі демалыс – бақытты бала жүзін көру!»
Күзгі демалысыңды – шығармашылыққа арна! Оқушылардың күзгі демалысын пайдалы әрі белсенді өткізу мақсатында «Күзгі демалыс – бақытты бала жүзін көру!» ұстанымдары бойынша білім ордамызда эстетикалық бағытта ұйымдастырылған іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысты. «Күз бояулары» атты сурет, сәнді қолданбалы қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, өнерлі ұл-қыздардың дайындаған жұмыстары паш етілді.