«1 Маусым – Халықаралық баларды қорғау күні»
Шымкент қаласында «1 Маусым – Халықаралық баларды қорғау күні» салтанатты түрде аталып өтті. Мереке Әл-Фараби алаңында 500-ге жуық балақайдың жол бетіне балғын шақтың әсерлі сәттерін бейнелеуден басталып, оқушылардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесіне ұласты. Салатанатты жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов бүлдіршіндерді бүгінгі мерекемен құттықтап, балалар жылы аясында бірқатар жаңа нысандар іске қосылатынын жеткізді. –Балаларымыз – біздің бақытымыз және болашағымыз!