Адалдық сағаттары
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N67негізгі орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 5-9 қыркүйек күндері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 5-9 сыныптарында Адалдық сағаттары тәрбие сағат түрінде ұйымдастырылды. Адалдық сағатының мақсаты: оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа, бірлікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушылар тақырыпқа кеңінен тоқтала отырып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. #шымкент_әдістемелік_орталық