О нас » Страница 7 » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
Лагерьдің екінші күні – көңілді сәттер мен жарқын әсерлер күні!
27
май
2025
Лагерьдің екінші күні – көңілді сәттер мен жарқын әсерлер күні!
Бүгінгі күн ерекше серпінмен басталды!  Таңғы жаттығудан кейін оқушылар табиғат аясына серуендеуге шығып түрлі белсенді ойындар ойнап көңілді күн өткізді.   Сонымен қатар, экологиялық тақырыптағы танымдық сағаттарда балалар табиғатты қорғау маңыздылығы туралы білімдерін толықтырды. Лагерь — тек демалыс емес, нағыз даму мен достық мекені! Әр күн – жаңа мүмкіндіктер мен ұмытылмас естеліктерге толы.  Көңілді сәттерден үзінділер – төмендегі суреттерде! #Лагерь2025 #ЖазғыКөңіл #ШуақтыКүндер #67Мектеп
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ – 2025: ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ АЛҒАШҚЫ КҮН!
26
май
2025
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ – 2025: ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ АЛҒАШҚЫ КҮН!
Бүгінгі күн – ерекше. Өйткені лагерьдің бірінші ауысымына 1 -5 сыныптың кішкентай оқушылары келіп, жазғы қызықтың нағыз көрігін қыздырды!   Таңғы саптадан басталған күн ойын мен шаттыққа толы болды. Балалар көңілді ән айтып, би билеп Әр баланың жанарында – қуаныш, жүзінде – күлкі!  Шығармашылық сағаттар,  Спорттық жаттығулар   Зерделік тапсырмалар... Балалардың белсенділігі мен қызығушылығына қарап-ақ, бұл жаздың ұмытылмас болатынына сенімдіміз!  Мақсатымыз – әр бала үшін лагерьдегі әр күнді
ТӘРБИЕ САҒАТЫ "Білімім – Отаныма"
23
май
2025
ТӘРБИЕ САҒАТЫ "Білімім – Отаныма"
 Бүгін мектебімізде жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында "Білімім – Отаныма" атты тәрбие сағаты өткізілді. Бұл шара – оқушылардың білімге деген ынтасын арттыра отырып, туған еліне қызмет ету рухын оятуға бағытталды. Мақсаты: Тәрбие сағатының мақсаты – білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, оқушыларды елін, жерін сүюге, алған білімін болашақта Отан игілігіне жұмсауға тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар "білім – болашақ кілті" екенін түсіндіретін түрлі пікірлер айтып,
“Мектебім, саған мың алғыс!”
23
май
2025
“Мектебім, саған мың алғыс!”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67негізгі орта білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты “Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты жиыны өткізілді. Жиынды алғашқы құттықтау сөзімен ашқан мектеп директоры Х.Б.Мырзабанва  жас түлектерге өзінің ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ салтанатты жиынға қатысқан;Ата-аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Төленқызы, қамқоршылық кеңес төрайымы А.Барлыбаева мектеп бітіруші түлектерімізге сәттілік тіледі. Алтын ұя
ӘКЕМ ТІРЕГІМ, АНАМ ЖҮРЕГІМ
22
май
2025
ӘКЕМ ТІРЕГІМ, АНАМ ЖҮРЕГІМ
«Қазақстан балалары»: Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқаны басталды 2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтеді. Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған. Аталған науқан «Әкем –
БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
22
май
2025
БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  экологиялық бағыттағы қоғамдық еңбек акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп аумағындағы ағаштар мен гүлдердің түптері қопсытылып, суарылып, әктеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етті. #Balaqorgau #bala_qorgau #Балаларжылы #Мектепстуденттікпарламент_тәрбие_шымкент_әдістемелікорталық #біртұтас_тәрбие  #Біртұтас_тәрбие_Шымкент
"Әкем - тірегім, Анам - жүрегім" атты іс-шара  өткізілді
22
май
2025
"Әкем - тірегім, Анам - жүрегім" атты іс-шара өткізілді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "Психологиялық қолдау орталығының" 2025жылғы 20-мамырдағы №131 хатына сәйкес №67 негізгі орта мектебінде 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Әкем - тірегім, Анам - жүрегім" атты іс-шара  өткізілді.  Іс-шара барысында бала тәрбиесі бойынша ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып, кеңестер берілді. Мақсаты: Родителям психологиялық педагогикалық қолдау көрсету мен балаларды тәрбиелеу.  Сондай-ақ, ата-аналарға "Жүрек жылуы" тақырыбында
ЭССЕ БАЙҚАУЫ
20
май
2025
ЭССЕ БАЙҚАУЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектеп   Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдесінде №194  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының  2-қосымшасындағы жоспарына сәйкес, Елімізде мамыр айының төртінші аптасында өтетін «Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылады. Оқу жылын қорытындылап, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін білім алушылар арасында
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!
20
май
2025
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Құрметті АТА-АНАЛАР балалардың өмір қауіпсіздігіне жазғы демалыс уақытын тиімді және қауіпсіз өткізуіне Үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұранамыз.  БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУЫН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ! Жазғы демалыста  балалар су жағасына барып, суға түседі. Өкінішке орай, балалар жағажайларда,  өзен және су арықтарының бойында салынатын тыйымдарды ескере бермейді.  Сақтық шараларын  сақтап, балаларды үнемі назарда ұстау керек.  Төмендегі негізгі
СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ
20
май
2025
СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ
Жаз мезгілінде суға шомылу адам денсаулығына пайдалы болғанымен, тиісті қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда орны толмас қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Соңғы уақытта су айдындарында адамдардың батып кету оқиғалары жиілеп кеткенін ескере отырып, төмендегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз:  • Рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылмаңыз;  • Балаларды қараусыз су жағасында қалдырмаңыз;  • Мас күйінде суға түспеңіз;  • Қауіпті ойындарға жол бермеңіз (су астында ұстап