«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: АТАЛАР МЕН НЕМЕРЕЛЕР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНДА ЖҮР » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: АТАЛАР МЕН НЕМЕРЕЛЕР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНДА ЖҮР
02
май
2024

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: АТАЛАР МЕН НЕМЕРЕЛЕР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНДА ЖҮР

 Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ»  апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда.
Таңертеңнен басталған апталық аясында  қаладағы «Абай саябағында» «Ұрпақтар сабақтастығы» атауымен ата мен немерелерінің тазалық акциясына қатысуы жүзеге асты. Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс шараға қаладағы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері - О.Рахманбердиев, Ш.Мырзахметов, К.Төлебаев, Б.Тұрғараев, Қ.Сыздықов, қаланың ардақты ардагерлері атсалысты. Жалпы «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясына 500 ге жуық адам қатысып, саябақтың тазалығына ерекше үлестерін қосты.
- «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін, - деді О.Рахманбердиев.
Жалпы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілуде.
******************************************
В Шымкенте в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» проходит неделя «Өнегелі ұрпақ». В течение недели организуется множество мероприятий.
В рамках недели, начавшейся утром, дедушки и внуки приняли участие в акции «Өнегелі ұрпақ» в «Парке Абая» города. В мероприятии приняли участие ряд государственных и общественных деятелей города - О.Рахманбердиев, Ш.Мырзахметов, К.Толебаев, Б.Тургараев, К.Сыздыков и заслуженные ветераны города. Всего в акции «Өнегелі ұрпақ» приняли участие около 500 человек и внесли особый вклад в чистоту парка.
 «В Шымкенте организуется множество мероприятий в рамках акции «Таза Қазақстан». Сегодня мы пришли в парк с внуками и участвуем в уборке. Мы участвуем, чтобы быть образцом для подражания для наших растущих детей и молодежи. А наша молодежь помогает пожилым людям, ветеранам и делает добрые дела. Я очень благодарен за это», - сказал О.Рахманбердиев.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив