27
май
2024
"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты бітіруші түлектерге
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N67 негізгі орта білім беретін мектебінде бүгін , 2024 жылдың 24 мамыр күні "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты бітіруші түлектерге арналған 9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өткізілді. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің бітіруші түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасты.
#gani.beisembayev