ЗООБАҚҚА САЯХАТ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
май
2024

ЗООБАҚҚА САЯХАТ

    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектепте  «Болашақ» мектеп жанындағы жазғы   сауықтыру алаңының қызықты күндері жалғасуда.
   29.05 күні мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары таңертеңгі жаттығуларын жасап,қаламыздағы зообаққа саяхат жасады. Саяхат кезінде балалардың қауіпсіздігіне аса назар аударылды.
   Танымдық саяхат барысында жануарлар мен құстарды және балықтарды тамашалады, олар туралы түрлі қызықты мәліметтер айтылды.
    Зообақ туралы түсінік беріліп, жабайы аңдармен таныстыру жұмыстары жүргізілді.  Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен  қарауға үйретіп, олардың тіршілігі, қоректенуі туралы әңгімелер айтылды.
    Балалар үйлеріне қуанышты көңіл-күймен тарқасты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив