19
декабрь
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде "Баланың ой- пікірін ояту" тақырыбында, 6-сынып ата аналарына сынып жетекшілері А.Каирбекова мен К.Жайнибаеваның ұйымдастыруымен ата -аналар жиналысы мен тренинг сабақ болып өтті.
Мақсаты: Ата ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту, ата-аналарды балаларға жауапкершілік пен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата ананың жауапкершілігі. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата- ананың бірігіп жұмыс жасауы.