30
ноябрь
2021
КЕМЕҢГЕР ЕЛБАСЫ—ЫРЫСЫ ЕЛІМНІҢ
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 67 негізі орта білім беретін мектеп кітапханасында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру мақсатында «Кемеңгер Елбасы—ырысы елімнің» тақырыбында шолу жасалды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап Ю салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайлады.
Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, егемендігіміз баянды болсын!!!