28
апрель
2022
Құрметті ата-аналар!
Шымкент қаласы №67 негізгі орта білім беретін мектебінде 2022 жылы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге,табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тиым салынатындығын ескертемін!
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында:
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу,
- мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен сыйлықтар беруге тыйым салу,
- бірыңғай мектеп формасын кию,
- соңғы қоңырауда көлікте серуендеу,
- кафеде отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау керек.
Емтихан кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін ескертемін!
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сондықтан жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ!
Мектеп директоры Мырзабаева Ханзура Бекжановна
Байланыс телефоны:
87016102103