06
декабрь
2023
Алдар көсе -қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері
Алдар көсе -қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері,ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі.Аңыз әңгімелерде өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.Алдар көсе қазақтың нанымында халықтың қамқоршысы ретінде белгілі.Оныңәр қаракеті бай,менменсоқ, зорлықшыл адамдардың тәубесін есіне түсіріп,ақылмен алдап,ел алдында масқаралап,халық қошеметіне бөленген.Ол сарандығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп,атын мініп,қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өзіздерін айдап кетеді. Алдар көсе - түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек,қарақалпақ,түркімен,т.б.) әдебетіне ортақ тұлға.Бұл Алдар көсе жайындағы аңыз-әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелегін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді.Оның өмірде болғанын ,қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Жмнақта Алдар туралы әңгімелер беріліп, суреттермен безендірілген.Оқуға тілі жеңіл,оқиғасы қызықты.