28
январь
2024
ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Елордада ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесу өтті. Жиынның негізгі тақырыптарының бірі – еліміздегі білім беру мен тәрбие жұмыстарын дамыту перспективалары болды.
![📌](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t5/1.5/16/1f4cc.png)
«Білім жүйесінде өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы министрлік жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады. Мемлекеттік органдарды тәрбиенің рөлі мен маңызын арттыруға жұмылдыру жұмыстары жүргізілді. Барлық мектептерде «ата-ана – бала - педагог» үшжақты одағын нығайту үшін педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істеді. Балалар мен жасөспірімдер, еріктілер ұйымдарының, сондай-ақ мәдени-демалыс орталықтарының, оның ішінде балалар кітапханаларының жұмысы толығымен қайта қаралды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
![💬](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/tc7/1.5/16/1f4ac.png)
![⚡️](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/te4/1.5/16/26a1.png)
![](/uploads/posts/2024-01/medium/1706508501_11.jpg)