«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2024" БАЙҚАУЫ ӨТТІ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2024" БАЙҚАУЫ ӨТТІ
23
февраль
2024

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2024" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі  орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 23 ақпан күні   5-9 сыныптар арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының  іс-шара жоспарына сәйкес   «Өр талапты, озық ойлы ұлан» жобасы аясында  «Жігіт сұлтаны – 2024» сайысы  өтті. Сайыстың мақсаты: әр баланың бойындағы  қабілеттерін ашу, ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білуі, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру дамыту, ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білетін,  ұрпақты тәрбиелеу.
   САЙЫС 4  КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:
1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру
2. «Сегіз қырлы бір сырлы»- өз өнерін көрсету
 3.«Ескірмейтін есті сөз» сұрақ – жауап (салт - дәстүрге байланысты)
4. «Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарын жасай алуы
Нәтижесінде:
«Бас-жүлде» «Жігіт сұлтаны-2024» 9«А» сынып оқушысы- Молдабай Абдулсамат
І –орын   6 «Ә» сынып оқушысы Осман Мустафа
ІІ- орын 7 сынып оқушысы  Жаппар Бақдаулет
 ІІ- орын 5 "А"  сынып оқушысы Төребек Біржан
ІІІ-орын   8 «Ә» сынып оқушысы Каракул Азамат
ІІІ- орын 9"Ә" сынып оқушысы Абдукаримов Зауырбек
🎷Шебер жігіт - 6«А» сынып оқушсы Сундетилла Қуаныш                        
 🎺 Сегіз қырлы,бір сырлы  номинациясымен- 5 "Ә" сынып оқушысы Шарипбекұлы Олжас           
  🪘Өнерпаз жігіт номинациясымен- 8«А»  сынып оқушысы Жұмаділ Ернұр марапатталды.       
   Сайыс өте тартысты өтті. Сайысқа қатысушы барлық жігіттеріміз, тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей өтуге тіле білдіреміз. Қадамдарыңа нұр жаусын. Марапаттарыңыз құтты болсын! 
Іс-шараға ат салысқан сынып жетекшілерге, ата-аналарға, оқушыларға Алғыс білдіреміз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив