18
октябрь
2024
ҚЫЗДАР КЕҢЕСІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
№67 негізгі орта мектебінде 2024 жылдың 17 қазан күні ДТІЖО М.Мырзабаеваның ұйымдастыруымен мектептегі қыздар ұйымының жиналысы өткізілді. Бүгінгі қозғалған тақырып:"Қызға қырық үйден тыю".
Кыздар ұйымының жетекшісі Г.Айнабек педагог-психолог Р.Сагиндикова мектеп ережесі, мектеп формасы, қызбала тәрбиесі тақырыбында баяндама жасап, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы, өзін-өзі реттеуі, қыздардың жүріс-тұрысы, денсаулығы туралы түсіндіріп өтті.
Қазіргі таңда өршіп тұрған түрлі вирустардан сақтану жолдарын туралы айтып, оқушыларды жылы киініп, дұрыс тамақтанып жүруге шақырды.

