16
апрель
2025
«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған дәстүрлі «Абай оқулары» байқауының Абай ауданы бойынша жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты № 67 негізгі орта білім беретін мектебінің шәкірттері мен ұстаздары қатысып, марапатталды.
Абай шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын дамыту, сондай-ақ ұлы ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті нығайту мақсатында өткізілген байқауға жас жеткіншектеріміз 2ә сынып оқушысы Көпжасар Ескендір жүлделі І- орын алып,30 000 теңгелік сертификатпен марапатталды жетекшісі Нарынова Мақпал. 5 сынып оқушысы Данияр Айым жүлделі ІІ-орын алып, 20 000 теңгелік сертификатпен марапатталды жетекшісі Каирбекова Алия қатысып, үздік нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздарды Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева және қалалық «Абай оқулары» байқауының қазылар алқасының төрағасы, «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын, «Қаратау» өнер мектебінің директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Біржан Ғаниұлы Байтуов арнайы марапаттап, жүрекжарды тілектерін білдірді.
#ШымкентБілім
#АбайМұрасы
#ЖасҚаламгерлер
#ҰлтРуханияты
#АбайАуданы
#АбайдыОқимыз
#АбайШығармалары
#ТілМәртебесі