"Абай күні" » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
август
2023

"Абай күні"

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.
Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма?-деп, келер ұрпаққа үн қата отырып,өзі үстем тап өкілінен шықса да,бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды.
        Бүгін,10 тамыз-Абай күні.2020жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысының негізінде 10 тамыз- "Абай күні"дейтін мерекелік дата болып,бекітілген.
"Абай-қазақтың төлқұжаты"деген қанатты сөз біртіндеп шындыққа айналып келеді.
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып,аяғын көп талдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артынан сөз  қалдырған- деп, төрелігін өзі шешкен Абай- бүкіл жарқын бейнесімен де,жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
#10 тамыз - Абай күні болсын!!!
#Абай-дана,Абай-дара қазақта!!!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив